{metadescription}
Түрмеден қашқан қылмыскер автотұрақ күзетшісін тұтқынға алған

Түрмеден қашқан қылмыскер автотұрақ күзетшісін тұтқынға алған

Степногорскіде түрмеден қашқан қылмыскер автотұрақ күзетшісін тұтқынға алған.

Бұл туралы ылмыскерді ұстау барысын іске асырған Ақмола облысының полицейлері айтып берді.

17 маусым күні таңертең Степногорскіде қатаң тәртіптегі колониядан қашып кеткен сотталушы ұсталды,- деп мәлімдеді Облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Қашқынды ұстаған кезде ол автотұрақтың күзетшісін тұтқынға алған. Алайда полициялықтардың дер кезінде қолданған шарасының арқасында күзетші босатылыпты. Операция барысында ешкім зардап шеккен жоқ.

Түрмеден қашу фактісі бойынша тексеру басталды.

 


 

 

 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде