{metadescription}
Қостанайда жоғалған бала сауда орталығында қыдырып жүріпті

Қостанайда жоғалған бала сауда орталығында қыдырып жүріпті

Қостанайда жоғалған бала сауда орталығында қыдырып жүріпті.

Аталмыш ауданда жоғалып кеткен 10 жасар бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кеше 10 жасар Сурен Авагян Қостанай ауданында үйінен шығып кетіп, оралмаған. Өзімен қалта телефоны болмаған. Ата-анасы полицейлерге арыз жазып, кейін еріктілермен бірге іздеуге шыққан. Кешкі сағат 20.40 шамасында жоғалған оқушының әпкесі Анна Авагян хабарласып, оның табылғанын айтты.

Анықталғандай, інісі қаладағы сауда орталықтарының бірінде қыдырып жүрген. Үйіне такси жалдап, өзі келген. Қазір жағдайы жақсы. Баланың табылғаны жөнінде полицейлерге хабар берілді. 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде