{metadescription}
ВИДЕО: Бразилия мен Швейцария тең ойнады

ВИДЕО: Бразилия мен Швейцария тең ойнады

Сенсация! Футболдан әлем чемпионатында Бразилия мен Швейцария тең түсті.

Дондағы Ростовта футболдан Әлем чемпионатында Бразилия мен Швейцария (Е тобы) алаңдағы шеберліктерін көрсетті. 

Бұл матчта әлемнің бес мәрте чемпионы - Бразилия мықты екенін бәрі білетін. Бірақ Еуропада алдына жар салмайтын швейцариялықтарды нашар деу қиын. Бразилия - 1930 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлем чемпионаттарына үзбей қатысып келеді. Және бразилиялықтардай әрдайым жеңіп көргендер жоқ деуге болды. Мексикалық Сесар Рамос қазылық еткен кездесуде алғашқы голды швейцариялықтар жасады. 6-шы минутта шабуылдаған Бразилияның бас жұлдызы Неймарды Гранит Джака киімінен тартып тоқтатқанымен, төреші ауызша ескертумен шектелді. Сосын сол жақтан Неймар тепкен допты Паулиньо қақпаға тепкенімен, Ян Зоммер тоқтатты. Бразилиялықтар ойынды басқарғанымен, Филиппе Коутиньо 20-минутта допты алыстан қақпаға дәл түсірді - 1:0. Швейцариялықтар бразилиялықтардың қақпасына пәлендей қауіп төндіре алмады. Неймарға қарсы кезекті рет тәртіп бұзылғаннан кейін Швейцария құрамында 100-інші мәрте алаңға шыққан Штефан Лихтштайнер ескерту алды.

Бірінші тайм соңында Неймар берген допты Тиаго Силва қақпадан асырып жіберді. Екінші кезеңде шейцариялықтардың қарсы шабуылы Каземироның ескерту алуымен басталды. Сосын швейцарлық Шакири  допты айып алаңында бос қалған Стивен Цубер баспен қақпаға топ еткізді - 1:1.

Бразилиялықтар Каземироның орнына Фернандиньо шықты. Паулиньоны Ренато Аугусто алмастырды. Неймарға кедергі болған Фабиан Шер мен Валон Бехрами де ескерту алды. Кейін Бехрамидің орнына Денис Закариа келді.

Матч соңына таман Неймардың баспен соққан добын Ян Зоммер қақшып ала білді. Бірнеше мүмкіндікті бразилиялықтар пайдалана алмады.

ВИДЕО авторы: Qazaqstan TV

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде