Марадона стадионда сигара тартқаны үшін кешірім сұрады
Әйгілі Марадона стадионда сигара тартқаны үшін жанкүйерлер мен әлем чемпионатын ұйымдастырушылардан кешірім сұрады.
11:11 18.06.2018
Аты аңызға айналған Марадона Аргентина мен Исландия құрамаларының матчы кезінде стадионда сигара бұрқыратып отырған.
«Спартак» стадионында өткен қызу матч аргентиналық команда үшін ыңғайсыз - 1:1 есебімен аяқталды. Исландия құрамасы осал болмай шықты. Әрине, Диего Марадона бұл уақытта өз жерлестері үшін жаны шыға жаздады. Әбден уайымдаған ол трибунада отырып қалтасынан өте жуан сигарасын алып шығып, түтінін будақтатып тарта бастады.
Кейін ол стадионда отырған футбол жанкүйерлері мен чемпионатты ұйымдастырушылардан кешірім сұрады. Оның айтуынша, трибунада темекі шегуге болмайтынын мүлдем білмеген.
Аргентина матчы сондай күрделі болды. Аты аңызға айналған футболшы Аргентина құрамасының ойынын қарап отырып қатты әбіржісе керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!