{metadescription}
Апатқа ұшыраған пойыздың жолаушылары Алматыға жетті

Апатқа ұшыраған пойыздың жолаушылары Алматыға жетті

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған пойыздың 400-ден астам жолаушысы Алматыға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілді.

«Алматы-1» вокзалының медпункті мен  бірқатар жедел жәрдем  бригадалары кезекшілік атқарды. зардап шеккендерге теміржол билеттерінің ақшасын қайтарып алуға қатысты кеңес берілді.

«Адамдарды белгіленген пунктке жедел жеткізу үшін Шу стансасына  7 жолаушы вагоны жіберілді», - деді «ҚТЖ-жүк тасымалы» АҚ Алматы қалалық филиалының директоры Сәрсебек Жапаров.

олаушылардың айтуынша, пойыз рельстен шығып кеткенде жолсеріктер оларды бірден далаға шығарған. біраз уақыттан соң жолаушыларды басқа пойызбен Алматыға жөнелткен.

Бұл оқиға Астана-Алматы бағытымен жүретін пойыздардың жүру кестесіне кедергі келтірмеді.  

Ал Шу аудандық орталық ауруханасына түрлі жарақаттармен  14 жолаушы жеткізілген. Қазір емдеу мекемесінде 48 жастағы Астана тұрғынан басқасы өз еріктерімен ауруханада шыққан. Зардап шеккен Астана тұрғынының екі аяғы сынып, ем қабылдап жатыр, деп түсіндірді өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Сәуле Мунатаева.

Бұған дейін Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызының апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.