ВИДЕО: Анджелина Джоли Ирактың қираған қаласына келді
Анджелина Джоли өткен демалыста Ирактың қираған Мосул қаласына келді.
12:19 18.06.2018
Америкалық актриса БҰҰ босқындар ісі жөніндегі комитетінің арнайы өкілі ретінде Мосул қаласында болды
Мосул - тыйым салынған «Ислам мемлекеті» тобының нысанына айналған. Өткен жылдың соңында Ирак билігі қаланы бақылауды түпкілікті қалпына келтіруді жариялады.
Мосулды босату операциясы бір жылдан астам уақытқа созылып, жергілікті тұрғындар сол үшін талай тер төкті. Қаза тапқандар саны әлі белгісіз.
Анджелина Джоли, актриса және БҰҰ босқындар ісі жөніндегі комитетінің арнайы өкілі:
- БҰҰ талай жыл істеп жүрсем де, мұндай қираған қаланы көрмеппін. Бұл адамдар бәрін жоғалтқан. Олардың қайғысын елестету қиын. Мұндағы тұрғындар өзімен өзі өмір сүруде, оларға іс жүзінде ешқандай қолдау көрсетіліп жатқан жоқ. Үйінділерді өз қолдарымен аршып алып, топырақ астындағы мүрделерді шығарып жатыр. Ауаны сасық иіс жайлаған. Қаза тапқандардың туыстары өздігімен мүрделердің бәрін алып шығуға қауқарсыз. Бұнда әлі жарылмаған бомбылар бар. Соған қарамастан тұрғындар өзін бақытты сезінеді. Өткен Ид аль-Фитр - Рамазан айының соңғы күнін олар оккупациямен қарсы алды. Қазір оларда түк жоқ, дегенмен олар емін-еркін.
Джоли халықаралық қауымдастықты Мосул қаласына назар аударып, тұрғындарға қол ұшын беріп, қаланы қалпына келтіру керектігін айтты.
Актриса Джоли 2001 жылдан бастап БҰҰ босқындар ісі жөніндегі комитетінің өкілі қызметін атқарады. Бұл оның 61-ші міндеті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!