{metadescription}
Түркіменстанда нан төлқұжат арқылы сатылуда

Түркіменстанда нан төлқұжат арқылы сатылуда

Түркіменстанның астанасы Ашхабадтағы мемлекеттік дүкендерде азық-түлік кезегі толастамауда.

Ал, өзге де облыстарда нан тек төлқұжат бойынша сатылуда.

"Қазіргі таңда қалада қант, ұн, күнбағыс майы сынды негізгі азық-түліктер өте тапшы. Азық-түліктер тек ересектерге ғана, онда да шектеулі көлемде сатылуда. Тұрғындардың сөзінше, адам басына үш килограм ұн сатып алу үшін жұрт бір ай бұрын кезекке жазылып қояды. Сондықтан да, кейбір аудандарда нан тек жергілікті тұрғындарға сатылады. Көрші аудандардан келгендерге нан сатпау мақсатында, дүкенде сауда тек төлқұжаттар арқылы жүзеге асырылады", - деп хабарлайды Азаттықтың түрікмен редакциясы 

Түркіменстанның негізгі экспорттық тауары — газ бағасының төмендеуінің салдарынан, елде экономикалық дағдарыс өршіп тұр. Одан бөлек, жұмыссыздар саны да арта түскен. Ал, нан табу мақсатында сырт мемлекеттерге кетуді қалағандар түрлі кедергілерге душар болуда. Мәселен, Ашхабат әуежайында нақты себебін түсіндімейінше, азаматтар халықаралық әуе рейстеріне жіберілмеуде. 

Фото: Көрнекі сурет 

ДЕРЕККӨЗ: The Qazaq Times

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде