ВИДЕО: Газ бен тежегішті шатастырып алдым - таксишінің түсініктемесі
Мәскеулік полиция Қызыл алаңда сенбі күні бір топ жаяу жүргіншілерді қағып кеткен таксишінің түсініктемесінің бейнежазбасын жариялады.
14:00 18.06.2018
Сол күні Қызыл алаңда футбол жанкүйерлері қыдырып жүрген болатын. Сегіз адам зардап шекті: арасында екі мексикалық және бір украиналық бар.
Такси рулінде Қырғызстан азаматы Анарбек шыңғыс болған. Ол аталмыш жол-көлік апатының алдында 20 сағат бойы жұмыс істегенін айтты.
Тергеуші:
- Көлікее отырардан бұрын қанша сағат ұйықтадыңыз?
Анарбек Шыңғыс, такси жүргізушісі:
- Шереметьево әуежайында болғам. Нақты уақыты есімде жоқ. Шамамен алты болуы керек. Сағат 8-9-ға дейін ұйықтадым.
- Яғни, үш сағат қана ұйықтадыңыз? Сосын 20 сағат артығымен жұмыс істедіңіз бе?
- Иә. Айтып тұрмын ғой, білмей қалдым. тежегішті басуым керек болатын, алдымда адамды өткізіп жіберуім қажет еді. Тежегішті басамын деп, бірер секундта көзім ілініп кетті де, газды басып жіберіппін. Не болғанын білмеймін. Адамдарды қағып кеттім. Соны көріп, қаша жөнелдім.
Ол көшедегі адамдардың қаһарынан қорқып қашқан екен.
- Істеген ісіңізге өкінесіз бе?
- Қатты өкінемін.
Шыңғыстың Мәскеуде жұмыс істеп жүргеніне бір айдай болыпты. Көлік жүргізу тәжірибесі - екі жыл, куәлікті 5 жыл бұрын алыпты.
Полиция оған қатысты жол жүру ережесін бұзып, адам денсаулығына зиян келтіргені туралы қылмыстық іс қозғады. Таксиші екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!