ВИДЕО: Капитолий алдында мыңдаған адам йогамен айналысты
Вашингтонда Капитолий алдында мыңдаған адам йогамен айналысты.
16:20 18.06.2018
Екі жарым мыңнан астам адам хХалықаралық йога күнін 4-ші рет атап өтті. Бұл атаулы күнді іс жүзінде атап өту дәстүрге айналып барады. Капитолий алды халыққа толды. Йогашылар білікті маманның басқаруымен жаттығулар жасады.
Олардың арасында АҚШ-ғы Үнді елшісі Навтедж Сарма да болды. Тап осы адамның отаны әлемге йога сыйлаған. Топтық йога адамдарға қажет дейді ол.
- Қазір өмірдегі күйзелісті осы йогамен айналысу арқылы жеңуге болады. Бұнда бір-бірімен танысады. Бұл бірлікке әкеледі. Менің ойымша, бұл тап қазір бізге өте қажет.
Айта кетсек, 2014 жылы БҰҰ 21 маусымды Йога күні деп белгілеген. Бұл күні көптеген елдерде йогашылар топтасып алып жаттығулар жүргізеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!