Үш жасар балаға аммиакпен клизма жасап, ішектерін күйдіріп тастады
Башқұртстанның Ишимбай қалалық ауруханасының медбикесі үш жасар балаға аммиак ерітіндісімен клизма жасаған.
14:40 18.06.2018
Бұл туралы Башқұртстан Республикасының прокуратурасы хабарлайды.
Бала былтыр маусым айында ішек-қарын жұмысы бұзылып ауруханаға түскен. Емдеуші дәрігердің нұсқауымен медбике балаға клизма жасауы керек болған.
— Медбике дәрі құтысын мүсәтір спиртімен шатастырып клизма жасап, нәтижесінде баланың ішектері күйіп, денсаулығына үлкен зиян келтірілді, — деп хабарлайды бақылаушы орган.
Зардап шеккен бала республикалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізіліп, оған жедел ота жасалды.
Ауданаралық прокуратура болған фактіні тексеріп, бес адам жауапкершілікке тартылып, медбикені қызметінен төмендетілді.
Қылмыстық іс сотқа жіберілді. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!