Қылмыстық топ арасындағы атыс өнер фестивалінің шырқын бұзды
Қылмыстық топ арасындағы атыс Нью-Джерсидегі Art All Night өнер фестивалінің шырқын бұзды.
15:19 18.06.2018
Өткен демалыста Нью-Джерси штаты Трентон қаласында өткен Art All Night өнер фестиваліндегі атыста, кем дегенде 22 адам ауыр жарақат алып ауруханаға жеткізілді.
Олардың арасында 13 жастағы бала бар. Түнгі үште белгісіз екі адам атыс бастаған. Полиция оның біреуін - 33 жастағы еркекті атып, екіншісін қамауға алды. Құқыққорғау органы қызметкерлерінің айтуынша, қанды оқиға қылмыстық топтардың арасындағы жанжалдың салдарынан болған.
Өнер фестиваліне жергілікті суретшілер, музыканттар мен аспаздардың шығармалары ұсынылған болатын. Фестиваль 24 сағат үздіксіз өтуі тиіс еді. Бірақ өнерпаз қауымның шырқы бұзылды. Мыңдаған қатысушылар атыста жан-жаққа бытырап қашып, фестивальдің сәні кетті.
Полицияның айтуынша, шағын жерге жиналған мыңдаған адамның арасындағы атыста бұдан да көп адам зардап шегуі мүмкін еді, бірақ құдай сақтап қалды. Бұл оқиғадан соң фестиваль тоқтатылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!