ӘЧ-2018: 19 маусым кестесі
Назарларыңызға бүгін, яғни 19 маусымда болатын ӘЧ-2018 кестесін ұсынамыз.
12:27 19.06.2018
Ресейдегі футбол чемпионаты қарқынын алды деуге болады. Бүгін жанкүйерлер «H» тобындағы екі матчты, сондай-ақ «А» Ресей мен Мысыр арасындағы ойынды көреді.
19 маусымда Ресейдегі Әлем чемпионатында топтық кезеңнің ьірінші тур ойындары тәмамдалып, №2 тур жарысы басталады.
Бүгін Колумбия мен Жапония құрамасы алаңға шығады. Колумбия мен Жапония ұлттық құрамалары Саранскіде Мордовия-Арена стадионында матч өткізеді. Мәскеуде «Opening Arena» стадионында Польша - Сенегал құрамаларының матчы өткізіледі. Бұл матч 2018 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінің бірінші турын жабады.
Футбол жанкүйерлері үшін бәрінен қызығы Ресей-Египет ойыны болмақ. Ол Санкт-Петерборда өтеді. Бас арбитр парагвайлық Энрике Касерес.
Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты 15-ші шілдеге дейін болады. Мундиаль 12 стадионда 11 қалада өткізіледі. Финал Мәскеудегі «Лужники» стадионында жоспарланып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!