ВИДЕО: Мас күйде сергіп алмақ боп сарқырамадан құлап кетті
Үндістандағы Гокак Уотер сарқырамасының жанында достарымен демалған мас ер адам сергіп алмақ болып 20 метр биіктіктен құлап кетті.
14:10 19.06.2018
Ол су ағынына жақындаған соң құлап кеткен. 35 жасар ер адамның неліктен ол жерге шыққаны белгісіз, мәліметтер бойынша ол тек салқындамақ болған көрінеді. Алайда ол жардан тайып кетіп, суға құлаған.
Оның денесі әлі табылмады. Полиция ер адамның оқиға кезінде мас күйде болуы мүмкіндігі туралы қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр.
Бұдан былай бұл сарқыраманың айналасын полиция өз қадағалауына алмақ.
Видео авторы: Caters Clips
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!