ВИДЕО: Кафенің маңындағы адамдарға тапа-тал түсте оқ жаудырды
Швецияның Мальма қаласындағы атыс салдарынан екі адам қаза тауып, үш адам зардап шеккен.
15:00 19.06.2018
Белгісіз қаруланған адам дүйсенбі күні кешкісін Швецияның оңтүстігінде орналасқан Мальма қаласының орталық көшелерінің біріндегі жаяу жүріншілерге оқ ата бастаған.
Полиция мәліметінше, бес адам жарақат алған. Ауыр жараланған 18 жасар жігіт пен 29 жасар ер адам ауруханға жетіп көз жұмды.
Куәгерлердің сөзінше, қаскөй көліктен интернет кафенің маңында тұрған адамдарға қарай 15-20 рет оқ жаудырған.
Ер адам оқиға орынынан қашып үлгерген. Қылмыстың себептері мен қарулы адам туралы ешқандай ақпарат белгісіз.
Жергілікті полиция оқиға орын алған жерді қоршауға алып, куәгерлермен сұхбаттасуда. Олардың сөзінше болған оқиғаның лаңкестікпен ешқандай байланысы жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!