Әлемдегі ең кәрі орангутан өліп қалды
Австралияда әлемдегі ең кәрі орангутан көз жұмды.
16:40 19.06.2018
Пусан атты лақап ат қойылған хайуанаттар бағының тұрғынын дәрігерлер тексерген соң 62 жасында мәңгі ұйқыға аттандырды.
Өлтірмес бұрын, ең кәрі орангутанды ветеринарлар қарап шыққан. Олар Пусанның қартаюына байланысты оның өміріне теріс әсер ететін көптеген аурулары бар деген қорытындыға келді. Бұл туралы Перта қаласының хайуанаттар паркінің қызмекерлері баяндайды. «Әрбір жануарлар үшін мұндай шешімді қабылдау әрдайым қиынға соғады, бірақ бұл дұрыс,әрі қарт орангутанның өмірі үшін лайықты шешім болды», - дейді приматтар бөлімінің басшысы Холли Томпсон.
Жабайы табиғатта орангутандардың 50 жасқа дейін өмір сүруі сирек кездеседі. Алайда, зообақ қызметкерлері Пусанның осы жасқа дейін жетуі үшін барлық жағдайды жасаған. Айта кетейік оны әлемдегі ең кәрі орангутан ретінде Гиннесс рекордтар кітабына 2016 жылы еңгізген. Пусан 11 баласын дүниеге әкелген. Оның АҚШ-ты , Европаны, Океания мен Суматра джунглилерін мекендейтін немерелері де бар. Пусан Индонезия тілінен аударғанда, «ханым» деген мағынаны білдіреді. Ол Суматра аралдарында дүниеге келген. Пертаның хайуанаттар паркін ол 1968 жылдың 31 желтоқсанынан бастап мекендеп келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!