ВИДЕО: Қытайда туристердің үстіне шаңырақ құлап кетті
Қытайдың Шэньси провинциясындағы Хуашань туристік орталығында шаңырақ құлап, кемінде 9 адам жарақат алды.
17:40 19.06.2018
Эскалатордың төбесі құлап түскен. Оқиға жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 17:30-да болған, себебі әлі белгілі болған жоқ.
Орталықта Хуашань тауына кіруге арналған билеттер сатылады, тауға баратын канаттарға да билетті осы жерден алады екен.
Қирау барысында эскалаторда кем дегенде 20 адам болған. Біреулер қолдарымен бүркенсе, кейбіреулер баспалдақтан секіруге тырысқан. Оқиғадан ауыр зардап шеккендер жоқ , алайда бірнеше адам ауруханаға жеткізілді.
Орталық қызметкерлері бірден көмекке ұмтылды. Қирандылар астында қалғандарды құтқарушылар шығарған. Оқиғаның себебі белгісіз, орталықты тергеу жұмыстарына байланысты уақытша жабуға тура келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!