ФОТО: Кене шаққан бала сал болып қалды
Шотландияда жеті жасар Адам Митчеллды былтыр сәуір айында кене шағып алған.
08:15 20.06.2018
Салдарынан бала есін жоғалтып, сөйлеу қабілетінен айырылған.
Қатты әлсізденіп, тәбеті жоғалып, мектептен келгеннен кейін бірден жата қалады екен. Баланың қызуы көтеріліп, бөртпе пайда болған соң анасы Эми оны дәрігерге апарған.
Дәрігер оған парацетамол жазып берген. Ал, мамыр айында мектептен хабарласып, баланың бір жақ беті сал болып қалғанын айтқан.
Ата-анасы баланы дереу дәрігерге апарған. Дәрігерлер оның сал болып қалғанын айтып, қан алып, үйіне жібереді. Қан нәтижесі баланың Лайма дертіне шалдыққанын анықтаған.
Инфекция орталық жүйке жүйесін зақымдап үлгерген екен. Сондай-ақ бактериалды менингит пайда болған. Үш апталық емнен кейін оның бетіндегі мимикасы қайта қалпына келген. Бірақ миы біржола зақымдалғандықтан сал ауруынан жазыла қоймады.
Эми барлық ата-аналарға балаларында қандайда бір жара пайда болса, уақыт оздырмай дәрігерге көрінулерін айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары