{metadescription}
ВИДЕО: Таңның атқанын күтіп отырған туристің өлімі таспаға түсіп қалды
Қайғылы оқиға Гоа аралында орын алған.
10:52 20.06.2018
Үндістандық туристер таңның атқанын күту үшін жағалауға барған.
Олар жағажайдағы тастарға жайғасып отырғанда, кенет қатты келген толқын бірнеше адамды шайып кеткен.
Олардың екеуі жағаға шыға алғанымен, 33 жастағы Сасикумар Васан суға батып кеткен. Видеода көрсетілгендей олар Васанды қатты дауыстап іздейді.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметіне сүйенсек, қайтыс болған ер адамның денесі 17 маусымда кешкісін Үнді мұхитынан табылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!