{metadescription}
ФОТО: ҰБТ-ның алғашқы күні бір оқушы он телефонмен ұсталды

ФОТО: ҰБТ-ның алғашқы күні бір оқушы он телефонмен ұсталды

Бүгін елімізде оқушылардың он бір жылдық білімін тексеретін ұлттық бірыңғай тестілеу басталды.

Еуразия ұлттық университеті алды таңғы сегізден мектеп формасын киген ұл-қыздарға толы болды.

Бұл жолы тексерушілер қыздар мен ұлдарды екі бөлек есіктен кіргізіп, тексерді. Түлектердің барлығы дерлік телефонды көрінбейтіндей, метал рамкадан өткенде "сигнал" шықпайтындай жасырып алған.

Десе де металл рамканы "алдау" оңай емес. Ішке үмітпен кірген оқушылар қайта шығып, тыққан телефондарын ата-анасына, ұстаздарына тапсырып жатты. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бір бала тіпті он ұялы телефонмен ұсталған. 

"Ұялы телефон, шпаргалканың көптігінен түлектерді тексеріп, ішкі кіргізу ұзақ уақытты алды", — дейді олар. 

Еуразия ұлттық университетінің төрт қабатты корпусында 13 мектептің түлектері ҰБТ тапсырып жатыр. Барлығы 12 аудитория жабдықталған. Балаларына қолдау білдіру үшін бірге ере келген ата-аналар қазір сыртта

ҰБТ-ның өту барысын онлайн бақылап отыр. Десе де бір экранға екі-үш аудиторияны "тығып қойғаны" ата-аналарға қиындық туғызып жатқан сыңайлы. Он екі аудитория үшін небары бес-алты экран қойылған. 

Университет орамында жедел жәрдем бригадасы да тұр. Корпус ішінде де медициналық қызметкерлер бар, дейді ұйымдастырушылар. 

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.