Өз жаназасына келген жігіт туыстарын шошытты
Оқиға Парагвайда Санта Тереза ауылында орын алған.
12:49 20.06.2018
20 жасар Хуан Рамон Альфонсо Пеньяо өзінің жаназасының келіп, туыстарын таңқалдырды.
Жиырма жастағы жігіт бірнеше күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен.
Кейін жергілікті полиция жақын маңнан өртенген адамның мәйітін тауып алған. Отбасы мүшелері жоғалған туысының мәйіті деп түсінеді. Туыстары жігітті жергілікті есірткі саудасының құрбандары өлтіріліп кеткенін болжаған.
Табылған мәйітті полиция отбасы мүшелеріне табыстап, келесі күні жерлеу рәсімін ұйымдастырған.
Бірақ өлді деп санаған жігіт тіріліп келген. Отбасы мүшелері өлдіге санаған туысын көргенде алдымен қатты шошып, артынша қуаныштарын жасыра алмаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!