Астанада көп қабатты тұрғын үйде өрт шығып, 25 бала құтқарылды
Астанада көп қабатты тұрғын үйде өрт шықты.
16:25 20.06.2018
Сәрсенбі, 20 маусым күні 10.48-де Айнакөл көшесіндегі үйде 1 қабаттан 14 қабатқа дейін жеделсаты шахтасында 55 шаршы метрлік электр сымы жанып кеткен.
Өрт 11.30-да ауыздықталып, 11.42-де сөндірілді.
«Өрт сөндіру кезінде 80 адам, соның ішінде 25 бала эвакуацияланды. 12 адам, соның ішінде 6 бала құтқарылды. Ешкім зардап шеккен жоқ», - деп нақтылады ТЖК-да.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнына 59 өрт сөндіруші мен 15 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Дереккөз: ҚазАқпарт
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!