{metadescription}
ӘЧ-2018: Роналду рекорд жаңартты

ӘЧ-2018: Роналду рекорд жаңартты

Роналдудың голы Португалияға жеңіс сыйлады.

Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының "В" тобындағы екінші ойындар басталды. Мәскеуде Португалия құрамасы Марокконы 1:0 есебімен ұтты.

Ойында португалдықтарға жеңіс сыйлаған голды 4 минутта Криштиану Роналду есеп ашты. Нәтижесінде әлем чемпионатындағы төртінші голын еншісіне жазып, үздік сұрмергендер көшін бастады.

Екінші таймды Марокко құрамасы тек шабуылмен өткізді. Португалия құрамасы 1:0 есебін сақтап, 4 ұпаймен көш басына шықты.

Ал марокколықтар мундиальды топтық кезеңде аяқтайды. Бұл топтағы Иран мен Испания құрамалары арасындағы кездесу Астана уақытымен түнгі сағат 00:00-де басталады.

Криштиану Роналду Еуропа ұлттық құрамаларында ең көп гол соққан үздік сұрмерген атанып, рекорд жаңартты. Әйгілі Ференц Пушкаштың нәтижесін басып озды. шабуылшы бүгін Португалия құрамасы сапында 85-ші голын соқты.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде