{metadescription}
Жаңаөзенде 29 жастағы ер адамның үстіне құбыр құлап кетті

Жаңаөзенде 29 жастағы ер адамның үстіне құбыр құлап кетті

Оқиға Жаңаөзендегі өндіріс аймағында болған.

Зардап шегушіні ота жасауға дайындап жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасы жедел медициналық көмек бөлімінің меңгерушісі Айтқали Шалабаев мәлім етті

Ер адам 11 маусымда үстіне құбыр құлап кеткеннен кейін аяғын жарақаттап алған. Басында ол Жаңаөзен қалалық ауруханасында жатқан.

Кейін аурухана басшылығы науқасты ота жасау үшін Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізу туралы шешім қабылдаған. Зардап шеккен жігіт облыстық аурухананың травматология бөліміне 20 маусымда ауыстырылды. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

«Науқастың оң жақ жілігі сынған. Дәрігерлер оны ота жасауға дайындап жатыр», - деп түсіндірді Айтқали Шалабаев. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде