ВИДЕО: Бүгін «Кел, келінім» реалити-шоуының қорытынды эфирі
Сәуір айында эфирге шыққан «Кел, келінім» реалити-шоуының алғашқы маусымы аяқталуға жақын.
11:05 22.06.2018
Эфирде қыз-жігіттер ақырғы шешімдерін жария етулері тиіс.
Үш ай ішінде жобада 3 жұп пайда болды. Демек, бағдарламада жұмыс істеген 100-ден аса адамның еңбегі еш кетпеген. Бір ерекшелігі, қалыңдықты жігіттер аналарымен қоса таңдады.
Болашақ енелер аруларға түрлі тапсырмалар беріп, білмегендерін үйретті. Көңілдеріне жақпаған қыздар жобамен қоштасқан болатын. Жоба барысындағы ұялтқан, ұқтырғн, ұтымды сәттерді мына жерден оқи аласыздар.
Міне, көрерменнің үлкен талқысына түскен «Кел, келінім» реалити-шоуының бірінші мусымы өз мәресіне жетпек.
Ендеше, бүгін КТК телеарнасынан сағат 15:00-де «Кел, келінім!» шоуының алғашқы маусымның соңғы бөлімін жіберіп алмаңыздар!
Қызықтан құр қалмаңыз!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары