{metadescription}
Бұзақылар зейнеткердің мұрнын шауып тастаған
Ресейдің Ростов-на-Дону қаласында балтамен қаруланған екі белгісіз адам зейнеткерге шабуыл жасаған. Салдарынан зейнеткердің мұрынының ұшын балтамен шауып тастаған. 67 жасар әйел үйіне қайтар жолда балталанған екі адам оған тап берген. Өздері жасаған қылмыстан соң қаскөйлер жасырынып үлгерген. Бет жүзі қан жоса болған зейнеткер өз күшімен үйіне жетіп, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер зардап шеккен әйелдің жарасын танып берген, алайда ол ауруханаға барудан бас тартқан.
14:58 22.06.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!