ВИДЕО: Жүргізушінің бетіне жанармай шашып, өртеп жіберді
Ештеңеден хабары болмаған жүк көлігінің жүргізушісіне белгісіз ер адам жанармай шашып, лезде отқа оранып үлгерді.
16:45 22.06.2018
Денесі 60 пайызға күйген 23 жасар ер адамның қазіргі жағдайы өте ауыр.
23 жасар Джефферсон Соузаның денесінің 60 пайызы күйіп, қазір өмір үшін күресіуде. Қайғылы жағдай Терезополис қаласындағы дүкеннің бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Дәрігерлер оқиға орынына келгенде Джефферсон өз күшімен жедел жәрдем көлігіне отыра алған. Алайда кейін ер адамның жағдайы қиындай түскен. Оны күйік бөліміне жеткізді, онда зардап шегушіні өкпенің жасанды желдету аппаратына қосуға тура келген.
Джефферсонмен 10 ай бойы қызметтес болғандар оны тек жақсы жағынан ғана сипаттады. Зардап шеккен ер адаманың отбасы да оның ешқандай дұшпаны жоқ деп отыр. Олардың сөзінше Джефферсон әрқашан көп жұмыс жасайтын әрі сабырлы адам екен.
Қылмыстың себептері әлі белгісіз. Тергеу жұмыстары жүруде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!