ВИДЕО: Қазақ-қырғыз шекарасында сарбаз өлім аузынан қалды
Қырғызстанның әлеуметтік желілерінде тарап кеткен видеода автокөлік шекарадағы өткізу бекетінің қақпасына бар жылдамдықпен соғылған.
17:53 22.06.2018
Видеоның астындағы жазбада оқиғаның қазақ-қырғыз шекарасында Қазақстанның Қордай ауылы маңында болғаны айтылған.
Кадрларға қарағанда, шекарашы қара көлікті тексеріп жатады, сол кезде қатты жылдамдықпен келген ақ кроссовер қақпаға соғылған. Соққы салдарынан қара көлік алға сәл жылжып кетті. Абырой болғанда, шекарашы да шетке ығысып үлгеріпті.
Мемлекеттік шекара қызметінің мәліметі бойынша оқиға Қырғызстан территориясында болмаған. Дегенмен анық-қанығы тексеріліп жатыр.
Бастапқы деректер бойынша, бұл жайт Қазақстан аумағында болыпты. Шекара қызметінен әлі жауап алынған жоқ.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!