Қазақстандық боксшы АҚШ-та қарсыласын нокаутқа түсірді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бахтияр Эюбов АҚШ-та 32 жастағы америкалық Николас Гиванды нокаутқа түсірді. Кездесу 10 раундқа белгіленген, алайда жекпе-жекті қазақстандық жетінші раундта жеңіспен аяқтады. Эюбов кәсіпқой бокста осымен 14-ші рет жеңіске жетіп отыр. Оның 12-сін уақытынан бұрын аяқтаған. Эюбов пен Гиван басты жекпе-жегі костарикалық Ханна Габриэлс пен америкалық Кларесса Шилдстің арасында өткен бокс кешінің аясында жұдырықтасты. Олар орта салмақтағы IBF және WBA тұжырымдары бойынша бос тұрған белбеуді сарапқа салған еді.
09:51 23.06.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары