Оқушы таңғы жаттығудан кейін жұмбақ жағдайда көз жұмды
Волгоград облысындағы «Чайка» балаларды сауықтыру лагерінде балалардың бірі таңғы жаттығудан кейін қайтыс болды.
11:20 23.06.2018
12 жасар бала есін жоғалтып талып қалған.Дереу ауруханаға жеткізгенімен бала тіл тарпай кеткен.
Оқушы Волгоградтағы спорт мектептерінің біріне барып жүрген. 21 маусымда ол балалармен бірге сауықтыру лагеріне барған. Ал, 22 маусым күні қайғылы оқиға орын алды. Тергеу комитетінің қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Лагерьде бала бір тәулік қана болған. Ол үнемі медициналық тексеруден өтіп отырған және денсаулығына ешқандай шағымдар келтірмеген екен.
Өлімге жүрек-тамыр аурулары себеп болуы мүмкін. Қазір тергеу жұмыстары жүруде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!