{metadescription}
Алматыда 2 үй және автомобиль отқа оранды

Алматыда 2 үй және автомобиль отқа оранды

Алматыда автокөлік пен 2 үй өртенді деп хабарлайды.

Аталған мекеменің мәліметінше, өрт оқиғасы 23 маусым күні сағат 12.17 -де болған.

«Покрышкин көшесінде автокөлік өртенген. Одан шыққан жалын жеке тұрғын үйді шарпыды, одан әрі от екі қабаттты тұрғын үйдің шатырына ұлсақан. Өрт Жангелдин көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің шатырына зиянын тигізген»,-деді төтенше жағдайлар комитетіндегілер.

Өрт сағат 12.42-де ауыздықталып, 12.59-да толықтай сөндірілді. Өртенген аумақ 290 шаршы метр. Оқыс оқиғадан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды сөндіруге 22 құтқарушы мен 5 техника күші жұмылдырылған.

«Оқиға туралы хабар дер кезінде жетпегендіктен, біраз аумақты жалын шарпыды. Соған қарамастан құтқарушылар хабарламас түскен соң 4 минутта оқиға орнында болды»,-деп мәлімдеді мекемеден.

Алдын ала болжам бойынша - оттың таралуына автокөлікті жөндеу кезіндегі дәнекерлеу жұмыстары себеп болған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде