ФОТО: Неміс машинасы соңғы минуттарда швециялықтарды жеңіп кетті
Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында Германия мен Швеция құрамалары кездесті.
08:50 24.06.2018
Ойынның соңына дейін есеп 1:1 тең нәтиже сақтағанымен, неміс футболшысы Тони Кроостың орындауында болған айып соққысы Германия құрамасына жеңіс сыйлады.
Екі құрама арасындағы кездесу өте тартысты өткен. Бірінші таймда өзін мықты жағынан швециялықтар көрсетсе, екінші тайм немістердің еншісінде болды.
Германия құрамасы допты барынша өз бақылауында ұстауға тырысқанымен, есепті 32-ші минутта швециялық Ола Тойвонен ашты. Алайда араға 16 минут тастап, неміс шабуылшысы Марко Ройс есепті теңестірген.
Екінші таймда немістер толассыз шабуылдар жаудырғанымен, доп қақпаға дәл тимей жатты. Қосымша уақыттың соңғы минуттарында Германия айып соққысына ие болып, оны сәтті орындаған Тони Кроос өз құрамасын алға шығарды. Есеп 2:1 болып немістердің жеңісімен аяқталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!