{metadescription}
Туған күн кешінде үстіне теледидар құлап, қаза тапты
Өз туған күнін атап жатқан келіншектің үстіне теледидар құлап, қайтыс болды. Қайғылы оқиға Ресейдің Сургут қаласында орын алды. Деректерге сүйенсек, Gallery club түңгі клубында туған күн иесі өзінің 36 жасын тойлап жатқан. Әйел адамның үстіне төрт теледидар жалғасып тұрған құрылым құлап кеткен. Аса ауыр бас жарақатын алған ол оқиға орнында көз жұмған. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
14:39 24.06.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!