Көшпенді шопандар ауылды өртеп, 86 адамды өлтірді
Нигерияда көшпелі шопандар ауыл шаруашылық қоғамдастықтарына шабуыл жасады. Қайғылы оқиға нәтижесінде 86 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды. 50 үй өртеніп кетті. Оқиға Плато штатында орналасқан ауылда орын алған. Заңсыздықтың тағы орын алмауы үшін облыста коменданттық сағат енгізілді. Ел ішінде жер мен ресурстар үшін күрес жүріп жатыр. Сарапшылардың айтуынша Нигерияда қоныстанған немесе көшпелі өмір сүріп жатқан әр түрлі этникалық топтардың өкілдері арасында қақтығыстар күн санап артып келеді.
10:29 25.06.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!