{metadescription}
Қанат Ислам WBО рейтингісінен шығып қалды

Қанат Ислам WBО рейтингісінен шығып қалды

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBО) ресми сайтында 2018 жылдың маусымындағы жаңарған рейтингін жариялады.

Жаңа тізімде бірінші орта салмақта WBO NABO, WBA-NABA және WBA Inter-Continental өңірлік титулдарының иесі, қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) жоқ. Бұған дейні ол өз дивизионында тоғызынды орында еді, алайда WBO өз рейтингінен алып тастағаннан кейін, ол ТОП-15 тізімінен шығып қалды.

Соңғы жекпе-жегін 33 жастағы Қанат Ислам өткен жылдың қыркүйегінде Астанада өткізіп, тоғызыншы раундта канадалық Брэндон Кукті (20-1, 13 КО) нокаутқа түсірген еді.

Отандасымыз рингке 23 маусымда Лос-Анджелесте оралады деп жоспарланған, алайда ол аяғын жарақаттап алып, кездесу кейінге қалды.

Оның қарсыласы ретінде мексикалық Фернандо Каркамо (23-8, 18 КО), жапон Йошихиро Камегаи (27-4-2, 24 КО) және америкалық Габриэль Росадо (24-11, 14 КО) болуы мүмкін екені айтылған.

Дереккөз: vesti.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде