ВИДЕО: Павлодар облысында ірі бұршақ жауды
Павлодар облысы Лебяжі ауданының Тереңкөл ауылында бұршақ жауды.
13:40 25.06.2018
Куәгерлер түсіріп алған видео Instagram желісіндегі @tipavlo парақшасында жарияланған.
Желі қолданушылары жаз мезгіліне тән келмейтін табиғи құбылыс Баймолдин ауылдық округіне қарасты Тереңкөл ауылында 24 маусым күні сағат 16.50-де болғанын жазған.
Облыс бойынша «Қазгидрометтің» кезекші синоптигі Елена Головченконың мәліметіне сүйенсек, Тереңкөл ауылында бұршақ жауғаны тіркелмеген.
- Бұл күні Тереңкөл ауылында бұршақ күтілген жоқ және бізде тіркелмеген, - деді маман. – Мұндай жағдай біз үшін қалыпты. Бұл жергілікті құбылыс, кейбір аймақта болып тұрады. Жексенбі күні Тереңкөлде тұрақсыз ауа райы болды. Шамалы жаңбыр жауып, найзағай болған. Температура плюс 28 градусты көрсетті.
Жалпы синоптиктердің болжамы бойынша маусым айының соңы жаңбырлы болмақ. Күндіз ауа райы 28 градусқа дейін жоғарылап, түнде плюс 15 шамасында сақталады.
Дереккөз: Рavlodarnews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!