{metadescription}
ФОТО: Бала кездерінде ажырап қалған 5 апалы-сіңілі 60 жылдан соң табысты

ФОТО: Бала кездерінде ажырап қалған 5 апалы-сіңілі 60 жылдан соң табысты

Қуанышты кездесу АҚШ-тың Небраска штатында орын алды.

Қыздар бір-бірінен бала кездерінде ажырап қалған. Төртеуі балалар үйіне түсіп кейін басқа отбасыларға, әр түрлі шататтарға тарап кеткен.

Тек кенжелері Нена Кристина ғана оларға ортақ биологиялық аналарының қолында қалған.

"Бізден бас тарту себебі: әкеміз Биллдің біздің оның туған қыздары екенімізге күмәндануы",- дейді қыздар.

1980 жылы үйдің үлкені Вики Лав сіңілдерін іздеуді бастаған. Алайда ол өзімен бірге балалар үйіне түскен екеуін ғана танитын еді. Нена және тағы бір қарындасы кейіннен дүниеге келген . Ол кезде компьютерлер көп адамдарда болмағандықтан, іздеу жұмыстары біраз қиындықтар туғызған.

Сондықтан өз мақсатына жету үшін Викиге біршама қоныраулар шалып, көптеген хаттар жазуға тура келді. Нәтежесінде, ол биологиялық анасымен байланысып, оның екі сіңілі емес, төрт сіңілі барынан хабардар болған.

Рут Эллен Кристенсен мен Калой Уильяммен Вики 1981 жылы Аризонада кездескен. Уақыт өте ДНҚ технологиясы арқалы олар соңғы бауырлары Ян Сиперлиді іздеп тапқан. Осылайша ажырап қалған бестік 60 жылдан кейін Небраскада бас қосты.

Вики, Рут, Кала, Ян және Нена бірден ұқсастықтарын іздей бастады. Кристинаның айтуынша олардың барлығы шығармашылыққа жақын екен.

Бір-бірімен қарым –қатынаста болу үшін олар әлеуметтік желіде топ құрған. Олар 2020 жылы тағы жиналуды көздеп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде