ВИДЕО: Ирандық жанкүйерлер Роналдуға ұйықтауға кедергі келтірді
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ирандық жанкүйерлерге қонақ үйдің жанында қатты шуламау туралы өтініш жасады.
14:50 25.06.2018
Басылымның жазуынша, Португалия құрамасының ойыншылары мен бапкерлерін Саранск қаласындағы құрама жайғасқан қонақ үйге ирандық жанкүйерлердің келгені қатты таңғалдырған.
Ирандық жанкүйерлердің айғай-шуы футболшыларға ұйықтауға кедергі жасаған. Роналду өз терезесінің алдына шығып, маңызды ойынның алдында дұрыс тынығып алу үшін, жанкүйерлерден тынышталуды сұраған.
Айта кетейік, В тобындағы Иран мен Португалия құрамалары арасындағы кездесу дүйсенбі күні өтеді. Бұл топтағы Португалия мен Испания құрамаларында 4 ұпайдан болса, Иран құрамасында 3, ал Марокко құрамасында 0 ұпай. Осылайша, Иран, Испания және Португалия құрамалары әлем біріншілігінің плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап тұр.
Видео авторы: Xzotion
Дереккөз: vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!