Септикті тазалау кезінде 4 атыраулық уланып, біреуі көз жұмды
Атырауда септикті тазалау кезінде 4 ер адам уланды.
15:55 25.06.2018
Оның бірі жедел жәрдем қызметінде көз жұмды.
Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 24 маусым күні, сағат 12.45-те Мыңбаев көшесінде орналасқан Жерұйық ықшамауданында жеке үйдің ауласында 3 метр тереңдікте орналасқан септикті тазалау кезінде 26, 40, 50 және 57 жастағы төрт ер адам уланған.
«26 жастағы ер азамат ауруханаға жетпей, жедел жәрдем қызметінің кереуетінде көз жұмды», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!