Қазақстандық жас дзюдошылар Азия кубогында жеңімпаз атанды
23-24 маусым күндері Ыстықкөлде (Қырғызстан) жастар арасында дзюдодан өткен Азия кубогында Қазақстан жастар құрамасы үшінші орынды иеленді.
21:00 25.06.2018
ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, Азия құрлығының 9 елінен 159 жас татами шебері бақ сынаған тартысты бәсекеге ел құрамасынан 25 дзюдошы қатысты.
Екі күнге созылған жылдың маңызды додасында Қазақстан жастар құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен жалпы командалық есепте 3-орынға тұрақтады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Алтын медаль
Мөлдір Нарынова (70 кг)
Камила Берліқаш (+78 кг)
Сұңғат Жұбатқан (66 кг)
Күміс медаль
Ләззат Әлімхан (57 кг)
Амина Расул (-78 кг)
Қола медаль
Бақыт Абдусамат (55 кг)
Нұрсұлу Ералиева (52 кг)
Санжар Балғымбеков (-81 кг)
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!