Ақтөбелік 25 қабатты үйден секіріп кетті
Ақтөбеде 25 қабатты тұрғын үйден 33 жастағы әйел секіріп кетт.
19:27 26.06.2018
«Ақтөбе ажары» тұрғын үй алабынан 33 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Қазір Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғалды. Оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, оқиға бүгін түс мезгілде болды.
Әлеуметтік желі пайдаланушылары әйелдің екі баласы барын, бірер күн бұрын өз-өзіне қол жұмсамақ болған, оны құтқарып қалғаны туралы жазуда.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!