ВИДЕО: Әйгілі киноакадемияның 16 пайызын азиялықтар құрайтын болды
Әйгілі америкалық киноакадемияның 16 пайызын азиялықтар құрайтын болды.
10:00 27.06.2018
928 адам киноакадемияның мүшесі болуға шақыру алды. Олардың ішінде төртеуі - ресейлік. Егер олар ұсынысты қабыл алса, онда Оскар ұйымдастырушылардың қатарында 31 пайыз әйел, 16 пайыз қаранәсілділер, латынамерикалықтар мен азиялықтар болады.
Сөйтіп киноакадемияның құрамы жаңартылуда. Тізімге 59 елден 928 адам кіреді. Ұйымдастырушылар осылайша өз қатарын түрлендіріп, жаңғартпақшы. Соңғы жылдары оларды сынағандар көп болды. Өйткені киноакадемиктердің басым көпшілігі ақ нәсілді еркектерден құралған.
Енді олардың қатарына Тиффани Хадиш,
британдық Дэниэл Калуя,
және сценарийші дуэт, ерлі-зайыпты Эмили Гордон мен Кумейл Нанджиани кіреді.
Осылайша ақырылғандар келісім берсе, онда ұйым 31 пайызға әйелдерден, 16 пайыз қаранәсілді, латынамерикалықтар мен азиялықтардан тұратын болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!