Далада көңіл көтерген әйел зорланғанын білмей арыз жазды
Далада көңіл көтерген әйел зорланғанын білмей арыз жазды.
12:00 27.06.2018
Түнімен Пушкин ескерткішінің қасында арақ ішіп көңіл көтерген неміс әйелі таңертең оянып, өзін белгісіз еркек зорлады деген күдікпен полицияға барды. Тұрғылықты жері жоқ Германия федеративті республикасының азаматы Мәскеуде өзінің зорланған-зорланбағанын анықтау үшін шағымданған.
Түні бойы көңіл көтеріп, арақ ішкен Майбах есімді әйел таңертең есін жинап оянғанда қасынан еркектің кетіп бара жатқанын көреді. Сөйтіп ол еркекке күдік туады. Бірақ ол ер адамды қуып жетіп ештеме сұрамаған. Оның орнына полицияға шағымданған.
Полиция неміс әйелдің шағымын қарап, оны медициналық сараптамаға жіберді.
Алдын ала белгілі болғандай, неміс әйелін ешкім зорламаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!