ВИДЕО: Футбол добының музейі ашылды
Сочиде коллекция жиюшы футбол добының музейін ашты.
09:00 27.06.2018
Михаил Кошелев музей ашуды ұзақ жылдар бойы армандапты.
Ол бұрын футбол төрешісі болған. Сонымен бірге коллекция жинаушы. Енді міне, Сочи қаласында әлемдегі ең бірінші футбол добына арналған музей ашылды.
Оның айтуынша, тап осы футбол добына арналған музей еш жерде жоқ.
"Тіпті таң қаласың. Доп - футболдың негізі емес пе. Доп болмаса, футбол да болмайды, Пеле, Роналду, Месси де болмушы еді", - дейді ол.
Михаил 30 жыл бойы доптың 800 түрін жинапты. Қой терісі мен жүнінен жасалған XIX ғасырдан бастап қазіргі ждоптарға дейін. Шағын бөлменің ішіне оның топтамасының бір бөлігі орналастырылды.
Бұл экспозициялар футбол ойынының тарихын көрсетеді, - дейді Михаил.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары