{metadescription}
0:000:00

ВИДЕО: Әйелдерге ең қауіпті елдер анықталды

Сарапшылар әлемдегі әйелдер үшін ең қауіпті елдерді атады.

Үнді елі әйелдер үшін қауіпті ел болып табылды. Ал АҚШ ондықтың соңына жайғасты. Бұл мәлімет "Томсон Рейтер" қорының ұйымдастыруымен сауалнама арқылы жасалды. 

Тізімге Ауғаныстан, Сомали, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Конго, Йемен, Сирия мен Нигерия кірді. 

550 сарапшы алты санатта әр мемлекетті бағалады: денсаулық сақтау, экономикалық ресурстарға қолжетімділік, дәстүрлі әдет-ғұрыптар, сексуалды және тұрмыстағы зорлық, сондай-ақ құл саудасы. 

АҚШ тізімде жоғары орында тұрған жалғыз батыс елі. Ол тіпті бұдан да жоғары болуы мүмкін. Егер сексуалды зорлық мәселесін көтерсек, АҚШ Сириямен бірге үшінші орынға орналасады. Ал тұрмыстағы зорлықтан Пәкістанмен бірге алтыншы орынға жайғасады. 

Мамандар бұндай күтпеген нәтижені #MeToo қозғалысымен байланыстырады. Интернетті жаулап алған алымсақтықтан кейін осы кампания пайда болды. Мәселен, өзін өзі қорғау курстары ашылып, оған жазылушылар саны күннен күнге көбеюде. 

Үнді елінде соңғы жылдары зорлау мен сексуалды қылмыс саны көбейген. 2016 жылы 40 мыңға жуық аталмыш қылмыстың түрі тіркеліпті. Алайда құқыққорғаушылар бұл тек шындықтың бергі жағы ғана деп отыр. Көптеген зорлық көрген әйелдер арыз жазып шағымданбайды. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.