{metadescription}
ӘЧ-2018: Франция мен Дания екі жолдамаға ие болды

ӘЧ-2018: Франция мен Дания екі жолдамаға ие болды

ӘЧ-2018: Франция мен Дания екі жолдамаға ие болды.

Ресейде футболдан өтіп жатқан әлемдік доп додасы қыза түсті. Бүгін топтық кезеңнің С тобындағы құрамалар үшінші тур ойындарын өткізді. Мәскеудегі «Лужники» стадионында Франция мен Дания құрамалары өзара шеберлік байқасты. Бұл ойында 0:0 есебі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Матчтың негізінен Дания құрамасы үшін маңызы зор болды. Осы ойын жөнінде біз «Франция байырғы қарсыласынан басым түсе ала ма» деген тақырыпта ойымызды білдірген едік. Олар алғашқы екі турда жеңілген жоқ. Бір жеңіс, бір тең ойынның арқасында төрт ұпай жинады. Франция бірінші және екінші турда барын салып, ұпайдан шашау шығарған жоқ. Қоржынға 6 ұпай салып, жарысты жалғастыру мүмкіндігіне ертерек қол жеткізді.

Даниялықтар соңғы кездесуде жеңіліп, осы топтағы Австралия соңғы турда Перуден басым түссе, жарысты жалғастыра алмайтын еді. Сол себепті ойын басталғаннан кейін олар бірден шабуыл шебіне шықты. Ойынға Франция сапында Манданда, Варан, Сидибе, Люка Эрнандес, Кимпембе, Нзонзи, Канте, Лемар, Дембеле, Гризманн, Жиру секілді жігіттер шықса, Дания құрамасында Шмейхель, Кристенсен, Кьер, Ларсен, Йоргенсен, Эриксен, Дилэйни, Систо, Дальсгор, Брэйтуэйт, Корнелиус болды.

Айта кетейік, Дания құрамында Юссуф Поульсен тізімге енген жоқ. Ол бұдан бұрынғы ойындар барысында алған сары қағаздарына орай бұл кездесуге қатысу мүмкіндігінен айрылған болатын.

Сондай-ақ Данияның жартылай қорғаушысы Лассе Шене қосалқы құрамда қалды. Оның орнына Андреас Корнелиус шықты. Ал Франция құрамында көптеген өзгеріс болды. Оған себеп те бар. Олар жолдама тағдырын ертерек шешіп қойды. Сондықтан топтық кезеңдегі соңғы ойында басқа да футболшылардың шеберлігін таразыға тартуға назар аударды. Атап айтқанда, олардың қатарында негізгі құрамда Стив Манданда, Джибриль Сидибе, Преснел Кимпембе, Тома Лемар сынды жігіттер жасыл алаңға шықты. Жанкүйерлер бұл кездесуден тартысты бәсеке күткен еді. Сол үміт ақталғандай болды. Қос құрама алмакезек шабуылмен жанкүйерді жалықтыра қойған жоқ. Алғашқы сәтте француздар допқа көбірек иелік ете бастады. Амалсыздан дат футболшылары қорғанысқа шегінуге мәжбүр болды. Әйтсе де, олардың тарапынан қарсы шабуылдар өрбіп жатты. Андреас Корнелиустен алған тамаша мүмкіндігін Кристиан Эриксен голға айналдыра алмады. Дегенмен кездесу барысында Франция құрамасының басымдығы айқын аңғарылып тұрды. Даниялықтан допқа иелік ету жөнінен 35 процентке дейін төмендеп кеткені байқалды. Бірінші кезеңде қос құрама бір-біріне гол соға алмады.

Екінші кезеңде де дәл сол есеп сақталды. Жарысты бұл топтан Франция мен Дания жалғастыратын болды. Енді олар F тобындағы екі үздік құрамамен жарыстың 1/8 финалында шеберлік байқасады.  

Сондай-ақ, бүгін осы топта Перу мен Австралия құрамалары кездесіп, Перу 2:0 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде үшінші орын Перуге бұйырды. Ертең, 27 маусымда E және F топтарындағы құрамалар топтық кезеңдегі үшінші тур ойындарын өткізеді. Е тобында Сербия мен Бразилия («Qazaqstan». 00.00), Швейцария мен Коста-Рика («Qazsport». 00.00)   құрамалары кездеседі.

Ал F тобында Мексика мен Швеция («Qazsport». 20.00), Оңтүстік Корея мен Германия («Qazaqstan». 20.00) құрамалары ойнайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.