Мектеп түлегі өлі күйінде табылды
Жезқазған көшелерінің бірінен 18 жастағы мектеп түлегінің денесі табылды.
09:20 27.06.2018
Полиция қызметкерлері тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«2018 жылдың 16 маусымы күні полиция қызметкерлері Жезқазған көшелерінің бірінен жас жігіттің мәйітін тапты. Оның тұлғасы анықталды. Ол - 2000 жылы туған Жезқазған тұрғыны болып шықты. Күдікті ретінде 17 жастағы жасөспірім ұсталды. Ол жәбірленушіге өзара кикілжің барысында дене жарақаттарын салғанын мойындады», - деп мәлімдеді облыстық ІІД-ден.
Ұсталған күдіктіге қатысты «үйқамаққа алу» бұлтартпау шарасы қолданылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының («Адам өлтіру») 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар белгіленді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!