{metadescription}
ВИДЕО: Жолаушы ұшақтан тыр жалаңаш секірді

ВИДЕО: Жолаушы ұшақтан тыр жалаңаш секірді

Атлантада жолаушы ұшақтан тыр жалаңаш секіріп кетті.

Қара нәсілді жігіт ұшақтан секіріп, ұшу алаңында жалаңаш жайбарақат, түк болмағандай серуен құрды. Әрине, полицейлер оны сол сәтте ұстады.

Әуе кемесінің жолаушылары қара нәсілді жігіттің ұшақтан секіріп, Атланта қаласындағы ұшу алаңында жалаңаш ары-бері қыдырғанын  бейнежазбаға түсіріп алған. Оның жанында киімдері жатқан.

Оқиға болған жерге келген құқық қорғау қызметкерлері оны сол мезгілде ұстап, қамауға алған. Ұшақтан оның қалай, әрі не үшін секіргені әзірге беймәлім.

Полицейлердің айтуынша, бұл адамның аты Джхрин Джонс, жасы 19-да. Қоғам орнындағы ерсі қылығы үшін және құқыққорғау органдары қызметкерлеріне қарсылық көрсеткені үшін оған қатысты іс қозғалды. Хартсфилд-Джексон халықаралық әуежайы аталмыш оқиға әуежай қызметіне кедергі келтірмеді деп жазады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.