ВИДЕО: Алты жыл бойы мысықтың етінен бәліш жасап сатып келген
Кенияда алты жыл бойы мысықтың етінен бәліш жасап сатып келген.
14:00 27.06.2018
Көшедегі мысықтарды өлтіріп, оның етін кафелер мен қонақ үйлерге сатқан ер адам қамауға алынды. Мыңдаған мысық оның құрбаны болған.
Мәліметтер бойынша, ол бұл іске ақша табу үшін барған екен.
«Мен бұнымен 2012 жылы бәліш сатушыларға ет қажеттігін білген соң айналыса бастадым »,- дейді кениялық жігіт.
Сатып алушылар бәліштің ішіндегі мысықтың еті екенін білмеген. Ер адам оларға тек өзінің тауарын жергілікті қоқыстың аумағынан алатынын айтқан, дегенмен нақты мысық туралы ештеңе айтпаған.
Оны 24 маусым күні мысықты өлтіріп жатқан кезде тұтқындады. Ашуланған тұрғындар оны жабылып өлтіре жаздады. Олардың әрқайсысы осыған дейін алданып, мысық жеп келген боп шықты.
Ал жігіттің өзі мысық етін сату заңсыз екенін "білмедім" дейді. Енді ол 2,5 мың доллар айыппұл төлеумен қатар, 3 жыл түрмеде жазасын өтейтін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!