Анасы қызын ұрламақ болған еркекті атып тастады
Америкалық әйел қызын ұрламақ болған еркекті атып тастады.
15:30 27.06.2018
Полицияның мәліметінше, еркек қызбен әлеуметтік желі арқылы танысып, Америкаға келген соң пышақ пен жабысқақ қағаз сатып алған.
Америкалық әйел 14 жасар қызымен кездесу үшін мұхит асқан 25 жастағы Жаңазеландиялық Троя Джордж Скиннерге оқ жаудырды. Жасөспірім қызбен еркек ғаламтор арқылы танысып, кездескісі келген. Сол үшін ол ұзақ жол жүріп келген. Ұшақпен үш рейс жасап, автобуспен жеткен. Қыздың мекен жайына келген соң, ол шыны есікті бұзып, ішке кірмек болған. Алайда, жасөспірімнің анасы оның жолын бөгеді.
Әйел қарулы екенін ескертіпті. Дегенмен ер адам кетпей, ішке кіруге ұмтылғанда қыздың анасы оған оқ атқан.
Жаңазеландиялықты оқ жарақатымен ауруханаға жеткізді. Жағдайы жақсарған соң оған іс-әрекеті үшін жауап беруге тура келеді. Полиция Скиннердің АҚШ-қа келгеннен соң пышақ пен жабысқақ қағаз сатып алғанын анықтады. Оның қызды ұрламақ болғаны белгілі болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!