{metadescription}
ВИДЕО: ӘЧ-2018: Жанкүйерлердің шаттығын тамашалаңыз

ВИДЕО: ӘЧ-2018: Жанкүйерлердің шаттығын тамашалаңыз

Аргентиналық жанкүйерлер футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыққанына шаттанып жатыр.

Аргентинаның жанкүйерлері сейсенбі күні Санкт-Петербор көшелерінде жеңісті тойлады. Құрама  D тобының шешуші ойынында Нигерияны 2:1 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты.

«Өз тойымдағыдан да керемет көңіл күйдемін. Бұл финал сияқты, тіпті одан да күшті. Аргентиналықтардың қандай сезімде екенін айтып жеткізе алмаймын. Сөз жоқ. Тіпті сене алар емеспін»,- дейді Аргентина жанкүйері Леонел Франсесе.

Команда өз жанкүйерлерін қатты алаңдатқан еді. Исландиялықтармен болған ойындағы тең есеп пен, Хорватиядан жойқын жеңіліске ұшырауы Аргентинанын жағдайын қиындатты. Оларды тек сенімді жеңіс қана құтқара алатын еді.

Құрама үмітті ақтады. Есепті Лионель Месси ашты. Бұл комаданың жұлдызының  Әлем чемпионатындағы алғашқы голы.  Кейін Нигериялықтар пеналтимен есепті теңестірді.  Маркоса Рохоның соңғы минуттардағы қарсылас қақпасына жасаған соққысы Аргентиналықтарға жеңіс әкелді.

Жанкүйерлер енді құраманың шындап кірісетініне сенімді.

«Айдаһар оянды. Болды! Енді барлығы жеңіледі. Сақ болыңдар»,-деді қуаныштан Аргентинаның  жанүйерлері.  



Айдаһардың оянуы Аргентинаның тарихына да әсер еткен сияқты. Алаң шетінен ойынды 57 жастағы бұрынғы спортшы, 1986  жылғы әлем чемпионы Аргинтиналық Диего Марадона тамашалады. Оның өз елі үшін алаңдап, жеңісіне қатты қуанғаны соншалық мәліметтер бойынша жағдайы нашарлап кеткен көрінеді.  Алаңнан кету үшін Марадонаға көмек қажет болған.

Алда Аргентинаны 30 маусым күні Казаньда өтетін 1/8 финалдағы Франция құрамасымен ойын күтіп тұр.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.